Текст
"Колос" ЖШС басшысы Дмитрий Сергеевич Локтин Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебіне яғни өзінің білім алған ордасына бастауыш сынып кабинетіне интерактивті панель сатып алуға демеушілік көмек көрсетті.
Аталған көмек 550000 теңге көлемінде. Біздің мектебімізге көрсеткен көмегіңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді және демеушімізге зор денсаулық, кәсіби табыстар мен амандық тілейміз. Сізге мектебіміздің игілігі жолындағы жасампаз қызметтеріңіз алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдіреміз