«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Октябьрдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2023-2024 оқу жылының I-жарты жылдықта тәрбие жұмыс бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы.

«Октябьрдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 2023-2024 оқу жылының I-жарты жылдықта тәрбие жұмыс бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы.

  1. 1-Қыркүйек «Білім күніне» орай өткізілген іс-шара туралы

         Мақсаты:  2023 жылғы қыркүйектің 1-і күні «Білім күніне» арналған  «Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» бағдарламасын насихаттау мақсатында салтанатты жиын өтті.

1.1. қыркүйек күні Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде..

Білім күніне арналған салтанатты линейка өтті. Оған ауыл әкімі Байдилдин Г.Ә және Жарқайың ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Молдабай Ә.А келіп мектеп ұжымын, оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

1.2. Барлық 1-9  сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және Отаншылдық »тақырыбы аясында 1-9 сынып жетекшілері сынып  сағаттарын өткізді.

Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

Қорытынды: Білім күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

 

 

 

    2. 2023 жылы қыркүйек 01-05 аралығында«Абайлаңыз балалар»» атты республикалық акция бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мектебімізде қыркүйектің 01-05-ы күндері оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз балалар!» атты республикалық акция аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылармен келесі жұмыстар атқарылды:

         2.1. 1-9 сынып жетекшілері «Жол қозғалысы  ережелерін біл және сақта!» сынып сағатын өткізді.

         2.2. 5-9 сыныптар арасында директордың ТІЖ орынбасары Момыш Ш «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» қабырға газет байқауы өткізілді.

        

Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

         Қорытынды:«Абайлаңыз балалар!»атты республикалық акция аясында өткізілген іс-шаралар сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға беріліп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

2023 жылы қыркүйек 01-09 аралығында рейдтік шара ұйымдастырылды..

Мақсаты: Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23:00 ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұруы, ата-ананың қарауынсыз қалуы, тәлім – тәрбие мәселелерін қолға алу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Мектебімізде қыркүйектің 01-09-ы арлығында түнгі ауыл көшелерінде рейдтер жүргізіп, түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүрген оқушыларды анықтау мақсатында «Мобильді топ» құру бойынша рейдтік шара ұйымдастырылды.

Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу мақсатында қаламызда құқық қорғау органдарымен бірге түрлі іс шаралар жүзеге асырылып жатыр. Азаматтардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін заңмен жауакершілік қарастырылған.Қазіргі таңда жастар арасындағы құқық бұзушылық мәселесі маңызды болып тұр. Кешкісін үйден шығып ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер әр түрлі құқық бұзушылықтарға кездесіп жатады. Сондықтан жастардың бойына құқықтық тәрбиені сіңіріп, құқықтық санасын арттыру қажет. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алды алу барша қоғам мен құқық органдарының  міндеті. Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түнгі рейдтік шара өтті.

Түнгі көшеге директордың ТІЖО Момыш Ш., мектеп Психологы Жәлелова Ш.А.  сынып жетекшілерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіп, түнгі ауыл көшелеріне рейд жасады.

Қорытынды: Рейд барысында түнгі ауыл көшелерінде түнгі мезгілде көшеде беймезгіл жүрген оқушылар анықталған жоқ.

4. 2023 жылы қыркүйек 05-08 аралығында «Мектептегі мінез-құлық ережелері»атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында   қыркүйектің 05-08-ы арлығында атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 1-11 сынып жетекшілері «Мектептегі мінез-құлық ережелері»тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Іс-шараға 1-11сынып оқушылары түгел  қамтылды.

Қорытынды:«Мектептегі мінез-құлық ережелері»тақырыбында өткізілген сынып іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

5.2023 жылы қыркүйек 05-16 аралығында«Қазақстан тілдер күні» мерекесіне орай  іс-шаралар ұйымдастырылды.

5-15 қырқүйек аралығында жоспар құрылып хабарландыру  ілінді. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай қабырға газеттері ілініп таныстырылды. 

Негізгі іс- шараның мақсаты : -Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру;

-Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту;

-Жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметін таныстыру;

-Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

-Қазақстанда өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрып, тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз екенін ұғындыру. Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.

Іс-шара барысында келесі жұмыстар атқарылды:

5.1. Қазақстан халқы тілдер күні мерекесінің ашылуы болды. Іс шаралар жоспарымен таныстырылып, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты қысқаша түсінік берілді.

5.2. А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілетін «Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гид. Кітапханашы Гарипова Г.Р. көрме ұйымдастырып оқушыларға ақынның шығармалары мен кітаптары туралы айтып, сұрақ –жауап алынды.

5.3. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде  9-8 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Тілімізге  деген көзқарас – елімізге  деген  көзқарас»   атты    шығармалар сайысы болды. Оқушылар жазған шығармаларын оқыды, жақсы жазған оқушыларға кері байланыс берілді.

Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

Қорытынды:Тілдер күніне орай өткізілген іс-шара өте жоғары, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

6. «Отбасы күні» аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.

  • Отбасылық тәрбиені жүзеге асыру, ата-аналармен, мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2022 жылғы қыркүйектің 10-16 аралығында Отбасы күні мен ата-аналар институтына арналған ағарту жұмыстары, психологиялық-педагогикалық біліктілігін жетілдіру және бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында  іс-шаралар ұйымдастырылып келесі іс-шаралар өткізілді:

Іс-шараға барлық 1-9 сынып оқушылары мен ата-аналары қамтылды.

Қорытынды: Білім күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді, белсенді қатысқан оқушылар  анықталып марапатталды.

7. 2023 жылы қыркүйек айында ҚР Рәміздер күніне  орай  іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқуға құштар мектеп жобасын жүзеге асыру және зияткерлік тәрбие беру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келесі іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға 5-9 сынып оқушылары қатысып, үздік оқушылар анықталып, марапатталды.

Қорытынды:ҚР Рәміздер күніне  орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

8. 2023  жылғы Қыркүйектің 12-15-сы күдері  «Денсаулық күні» апталығы өткізілді.

Мақсаты: Оқушылар арасында Салуатты өмір салтын насихаттау.

Мектебімізде Денсаулық күні өте жоғары дәрежеде өтті. Апталыққа жауапты денешынықтыру пәні мұғалімі Ыбрай Б.Ж.болды. Апталық барысында түрлі спорттық ойындардан сайыстар ұйымдастырды.Күн тәртібінде бағдарлама бойынша іс-шарамыз таңғы жаттығулармен басталды.

Денешынықтыру пәні мұғалімі 1-4 сынып оқушылары арасында эстафеталық сайыс, 5-9 сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар сайысын ұйымдастырды. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары, 5-9 сынып оқушылары және мұғалімдер арасында кросс жарысын ұйымдыстырды.

Іс-шараға1-9 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Қорытынды: Апталықтың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Денсаулық күніне орай өткізілген іс-шара көңілді әрі сапалы өткізілді деп танылып  өт е жақсы деген баға берілді.

9. Алтын күз мерекесіне орай  іс-шаралар ұйымдастырылды

Мақсаты:Оқушыларды күз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру; күздің жомарттығын көрсете отырып, байлығын бағалай білуге үйрету; қоршаған ортаны қорғауға, еңбекке үйрету.

2023 жылғы Қыркүйектің 16-18-і аралғығында «Күз береке, күз мереке»  тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Іс-шараға жауапты 1-4 сыныптарда  Локтина Т.Н. 5-9 сыныптарда .Абакуменко М.Т. жауапты болды.

Іс-шара барысында келесі іс-шараларды атқарылды:

1. Бастауыш сынып оқушылары арасында «Арайлы, Алтын күз»  байқауы ұйымдастырылып , 1-4 сынып оқушылары қатысып берілген тапсырмаларады орындап, жеңімпаздар анықталып марапатталды.

2. 5-9 сынып оқушылары арасында «Берекелі,алтын күз, Мерекелі алтын күз » тақырыбында сынып аралық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға  5-9  сынып оқушылары қатысып, жеңімпаздар анықталып марапатталды. 

Сонымен қатар  оқушылар күзгі бақша өнімдерінен қолөнер бұйымдарын жасап белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Іс-шараға 1-11сынып оқушылары түгел  қамтылды.

Қорытынды: Алтын күз мерекесіне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

 

 

 

 

 

 

10.«Дүниежүзілік қарттар күні» аясында іс-шаралар ұйымдастырылды

Мақсаты: Жас ұрпақ бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алу. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

2023 жылғы  Қазанның 1-і күндері«Дүниежүзілік қарттар күніне» арналған іс -шаралар ұйымдастырылды.

Жиын соңында қариялар оқушыларға бата беріп жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары түгел  қамтылды.

Қорытынды: Қарттар күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

 

 

11Ұстаздар мерекесі  аясында «Дублер күніне»  арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.

2023 жылғы қыркүйектің 25-29 күндері ұстаздар күнінен орай «Дублер күні» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шараға ДТІЖО Момыш Ш.және Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің жауапкершілігімен келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. Қыркүйектің 28-сы күні «Дублер күнін» өткізу туралы  бұйрығын шығарып, мектеп директорының  дублері лауазымына  кандидатура ұсынылып бастамашыл топ құрылып, жауаптылар  бекітілді.
  2. ДТІЖО Момыш Ш. оқушыларды дублер күнінің штаттық кестесімен таныстырды.
  3. Қыркүйектің 29-ы күні «Дублер күні» өзін-өзі басқару күні өтті. Өзін-өзі басқару ұйымынан құрылған жауапты топ 1-7 сыныптар мен ұстаздарға сабақ берді.
  4. Өзін-өзі басқару ұйымы«Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік концерт қойды.
  5. Қазанның 3-і күні 1-9 сынып жетекшілері «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
  6. Қазанның 4-і күні мектеп оқушыларының жиынын өткізіп, марапаттады.

Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары мен мектеп ұжымытүгел қамтылды.

Қорытынды: Ұстаздар күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.  

Оқушылар өз міндеттерін жақсы атқарып шықты. Мұғалімдердің орнына сабақтар берді. Оқушылар мұғалім ретінде өздерін сезіне алды. Оқушылар басқару күніндегі алған әсерлері өте керемет, сондай-ақ келесі оқу жылындада бұл іс шара жалғасын табуын сұрайды.

 

12.    «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылардың Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сендай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Қазанның 10-13 күндері кітапханашы Гарипова Г.Р. 1-9 сынып оқушылары арасында «Бір отбасы-бір кітап» тақырыбында сурет және бейне түсірілім байқауын өткізді.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік сурет иегері мен үздік бейне түсірілім иегері анықталып марапатталды.

Қорытынды: «Бір отбасы-бір кітап» тақырыбында өткізілген іс-шара көңілді, әрі

  өте жақсы деген баға берілді.

13. 25 қазан Республика күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды

Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

2023 жылғы қазанның 23-25 аралығында Республика күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып, келесі жұмыстар атқарылды.

  1. Қазанның 23-24 аралығында 1-9 сыныптарда«Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында  сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті.

Қорытынды: Республика күніне орай өткізілген іс-шара көңілді, әрі сапалы өткізілді деп танылып  өте жақсы деген баға берілді.

 

 

14.«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты еске алу іс -шара өтті.

Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.. Еліне, отанына деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, слайд. Жалаушалар.


 

15.Мектебімізде жаңа жыл мерекесі аталып өтті.

Мектебімізде желтоқсанның 27-28 күндері 1-11 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді.  Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.

 

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

 

«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
  3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен

 

әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

 

Орындаған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары : Момыш Ш

Телефон :87773098767

Жаңартылған күні: 23.01.2024 12:17
Құрылған күні: 23.01.2024 12:23

Текст