"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімі |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
30 минут. |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мектепке дейінгі ұйым мен баланың ата-анасының бірі немесе заңды өкілі араcында жасалған келісім шарт немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгілеген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында; 2) www. egov. kz. порталында орналастырылған. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге және порталда: 1) қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды); 2) "Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 4) баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы; 6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының № 027/е нысанды анықтама; 7)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін). көшірме); |
9 |
ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау; 2) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің ҚР НҚ актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 4) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді НҚ актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда. |
Осы қызмет бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мемлекеттік қызметке жауапты Рахымжанова Салтанат Сейтжановнаға жүгіну қажет, тел: 87164893471.