Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізілген «Отбасы- бақыт мекені» атты сабақтардың өткізілуі жөнінде мәлімет.
Мақсаты: Сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы, түсінік қалыптастыру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас, дағдыларын дамыту. Отбасында сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 14-18 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. Апталықтың негізгі бағыттары: отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу. Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру. Атап айтсақ 3-сынып оқушылары «Менің берік -отбасым» атты сурет салу, 5-6 сынып оқушылары арасында «Мен отбасымды мақтан тұтамын» атты эссе байқауы өткізілді. «Отбасы бақыт мекені» 8a-9a сынып сағаты өткізілді. «Менің отбасым-менің тірегім» суреттер көрме сайысы өтті.
Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Опабекова А.Р