«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тұңғыш президент күні

30.11.2020

 

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің 5a-9a сыныптар арлығында Тұңғыш Президент күніне арналып  өткізілген тәрбие сағаттары жөнінде мәлімет.

 

      5a-9a сыныптар аралығында  сынып жетекшілер Тұңғыш Президент күніне арналған сынып  сағаттарын өткізді. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.           

Мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын, сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезім ояту, құрметтеу.

Мектеп кітапханашысы Гарипова Г.Р кітапханада "Біздің Елбасы" атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде Елбасы туралы суреттер, Елбасының кітаптары қойылған.

9a сыныбында  "Ел үшін туған ер "  атты сынып сағаты өткізілді. 1991 жыл    1 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін танытты десе болады. Осыған орай мектебімізде Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттары өткізілді, сынып сағат соныңда  оқушылар егер мен Президент болсам тақырыбыңда эссе жазып өз ойларын ортаға салды.

      5a сыныбында "Елін сүйген Елбасы" атты сынып сағаты өткізілді. Сынып оқушылары белсене ат салысты. Оқушылар Елбасына арнап өлең жолдарын оқыды, Елбасының өмірбаянына тоқталып, ерен еңбектерін талқыға салды.

Мақсаты: білім алушылардың Елбасы Назарбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қазақстанның дамуына қосқан зор үлесі туралы білімін кеңейту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Просмотров: 260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст