Текст
«Октябьрдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі”КММ 7-13 қыркүйек аралығында “Денсаулық күні” аясында “Октябрьдің 50 жылдығы атындағы ЖОББ мектебінде 0-10 сынып оқушылары, мектеп ұжымы қатыстырылған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Денсаулық күнінің мақсаты – балалардың денсаулығы туралы түсініктерін қалыптастыру және дамыту, салауатты өмір салтына ынталандыру, балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға назар аудару. Жолдастық пен ұжымшылдық сезімін дамыту. Мектебімізде маусымдық денсаулық күндері дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Денсаулық күні спорттық ойындар, эстафеталар, кросс түрінде өткізіледі. Өткізілетін орын ретінде мектеп аумағын таңдадық.