01.10.2020
Қыркүйек айының 30 күні біздің мектептен үш мұғалім Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz олимпиада сайты колледж және мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған III Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысты. Тарих пәні мұғалімі Опабекова Айнұр Рысбаевна мен математика пәні мұғалімі Абакуменко Молдир Тугеловна сертификат алса, бастауыш пәні мұғалімі Жалелова Шолпан Амиржановна жақсы көрсеткіш көрсетіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Ақтық кезеңге жолдама алған Шолпан Амиржанқызына сәттілік тілейміз. Ақтық кезең қазан айының 23-і мен қараша айының 2-сі аралығында өтетін болады. Қорытынды 4-5 қараша күні анықталатын болады.