Өзге тілдің бәрін
біл
Өз тіліңді құрметте
Үштілділік
қазіргі заман талабы. Оларды білу көптік етпейтін шындық. Себебі көптілді меңгерген жастардың асар таулары, алар белестері биік. Халқымыз ежелден тіл
абыройын биік көтеріп келеді . Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы
мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес
асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. Қазіргі
таңда барлық балабақшаларда, мектептерде үштілділік жүргізілуде. Елімізде
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша 20 ақпан күні ауданымызда өткен "Тіл дарыны" байқауы өткізілді.
Мақсаты: үш тілді-қазақ, орыс, ағылшын
тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап қолдау. Іскерлік және халықаралық
қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Байқау
12 бағытта өтті. Аудандық кезеңге
өту үшін ең алдымен мектепте
ұйымдастырылды. Сабақтың қорытындысы бойынша 3 оқушы аудандық кезеңге өтті.
Олар 8-Б сынып оқушылары Кариева
Гүлимай, Шликбаева Гулдана и ученица 9-Б класса Исмагулова Бахыт. 3 оқушы 4
бағыт бойынша қатысты.
1.
Исмагулова Б-Полиглот, Өнертаным, Отанымыздың патриоты, Ұлттаным.
2.
Шликбаева Гулдана-Мәдениеттаным, Экскурсия жетекшісі, Ең үздік мәнерлеп оқушы,
Жас ақын.
3. Кариева
Алтынай- Тең шартта диалог, Жағымды әңгімелесуші, Эрудит, Үздік каллиграфист.
Ат жүйрігі
айырады, тіл жүйрігі қайырады-демекші барлық қатысушылар өз білімдерін ортаға
салды. Әділқазылар шешімімен оқушыларымыз жетістікке жетті. Исмагулова Бахыт 4
бағыт бойынша қатысып 2 дипломмен
"Полиглот" 3 орын, "Өнертаным " 2 орын және еки бағыт бойынша сертификат. Кариева Гулимай
және Шликбаева Гулдана еки бағытқа қатысып сертификат иеленді.