Алғыс айту күні!
Алғыс айту күні – Елбасының басшылығымен Тәуелсіз
Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының
бір-біріне құрмет білдіретін күні.
1 Наурыз күні Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта
мектебінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты мереке өтті, айтулы мереке
алдын ала құрылған жоспар бойынша өтуде.
Мектебіміздің әр сыныбында «Алғысымыз шексіз» атты сынып сағаттар өткізді.
одан әрі зейнеткер қарт аталар мен әжелерге көмек көрсетумен жалғасты.
Мерекенің ашылуын ҚР әнұранымен ашылды, алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің
директоры Мағзұм А.А берілді, жылы лебізін жеткізіп, жинал-
ған көрермендер мен оқушыларды құттықтады.
Мектебіміздің 0-4 бастауыш сынып оқушылары өлең
шумақтарын арнап айтса, орта буын және жоғарғы сынып оқушылары хормен
жалғастырды. Мектебіміздің әр сыныбынан құралған «Айгөлек» би тобы өздерінің
мың бұралған билерімен көрермендерді тәнті етті.Сонымен қатар,Флешмоб
елбасымызға,аналарға,ұстаздарға арнап мың алғыстарын
ыстық ықласпен жеткізді.
Сурет және бейнелеу өнері пәнінің
мұғалімі: Отар Ж.Қ.