Бүгін сәуір айының 1-і күні мектебімізде "Мың бала" ұлттық олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға біздің мектептің 6А және 6Б сынып оқушылары қатысты. Олимпиада қашықтан онлайн режимде болды. "Мың бала" жобасы жыл сайын ауылдық жерлердегі 6 сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік береді. Басты мақсаты- ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы ауыл мекендеріндегі білім алатын 6 сынып оқушылары қатынасады. Олимпиада II кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында 5 мың финалист іріктеледі. Бірінші кезең танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған тесттерді қамтиды. Кешенді тестілеу "логикалық ойлау" және "кеңістіктік ойлау" бөлімдерінен тұрады.
Екінші кезеңнен өтіп ең көп балл жинаған жеңімпаздарға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, оның шінде Дарын, БИЛ мектептерінде білім алу ұсынылады.