Сәуір айының 27- сі мен 30-ы аралығында математика пәнінен «Математика әлемінде» атты апталық өтті. Бірінші күні апталықтың ашылуы болды. Сонымен қатар 5-8 қазақ сыныптары арасында «Математикалық рулетка» сабақтан тыс іс-шара өтті. Сайыс 5 раундтан тұрды. Соңғы раундта оқушылар сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру арқылы ұпай сандарын жинады. Оқушылар екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Сайыста «жұп сандар» тобы жеңіске жетті. Сейсенбі күні Цыбулько Игорь Васильевич 9 «Б» сыныбында «Счастливый случай» атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Жарыс түріндегі сабаққа 4 команда қатысты. Командалардың ішінен өз білімдерінің арқасында «Лунный свет» командасы жеңіске жетті. Сәрсенбі күні 9 «б» сыныбында «Тождественные преобразования тригонометрических выражений» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Одан кейін үлкен үзіліс кезінде 5-11 сынып оқушылары арасында «Математикалық жәрмеңке болып өтті. Оқушылар есептер шығару арқылы жәрмеңкенің заттарын сатып алды. Бейсенбі күні 7 «Б» сыныбында «Формулы сокращенного умножения» тақырыбында ашық сабақ өтті. Одан кейін 5 «А» сыныбында «Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды қайталау» тақырыбында ашық сабақ болды. Сабақ кезінде оқушылар жеке, топтық, деңгейлік тапсырмалар орындап көзге түсті. Апталықтың соңғы күні оқушылар мараппатталып, шағын сыйлықтарға ие болды. Жалпы апталық жақсы деңгейде өтті.