Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің 5а-8а сыныптары аралығыңда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Мың тағзым, саған Ұлы ерлік»атты өткізілген сынып сағатынан мәлімет.
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Өздерінің туып өскен жері,халқы,болашақ ұрпағы үшін қасық қанын төгіп ерлікпен қаза тапқан қаһарман жауынгерлер туралы айтылды.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, реферат,брошуркалар, батырлардың суреттері.
«Бұл жыл біз үшін ерекше. Жеңістің 75 жылдығын өткізу – маңызды іс-шара. Біз екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің Қазақстан үшін тарихи маңызы бар екенін білеміз. Өскелең ұрпаққа үшін осы оқиғаны жеткізу қажет.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс бес жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші.. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы тұрды. Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды
Сабақ барысында оқушылармен сөзжұмбақ шешу,сұраққа жауап беру тапсырмалары өткізілді.Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, өлен жолдарын оқып «Жойылсын соғыс » әнің шабыттана орындады. Бәрiмiзге Жеңістің 75жылдығы құтты болсын.Сабақ төмендегі өлен жолдарымен аяқталды.
Жеңіс күні
Келді міне, тоғызыншы мамыр - Жеңіс күні,
Қуаныш пен бақыт толған ерлік күні.
Елі үшін, жері үшін майданда,
Ағалар мен әпкелер жанын қиды.
Он бес елдің батырлары қосылды,
Қу немісті ойрандатты, қиратты.
Мың тоғыз жүз қырық бесте Берлинде,
Кім білмейді ту тіккен Рахымжандай ағамды!
Ешқашан да енді соғыс болмасын,
Бақытты елдің тыныштығын бұзбасын!
Аспанымыз әрқашан да ашық боп,
Ұлы Отан соғысының батырлары жасасын
Өткізген: Опабекова А.Р