«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз өмірде достықты бағалаймыз" тренинг

05.02.2024

 

Біз өмірде достықты бағалаймыз" тренинг

  •  
  • Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін  сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

    3”А” сынып өткізген:Абдрашитова Анар Сантаевна

  •  

Міндеті: Адам қарым –қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.

Барысы:

Оқушылар хормен:

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

 

Сәлем дос (қолды беру)

Сен қалайсың? (арқасын қағады)

Мен сені сағындым (жүректеріне қолдарын апарады)

Сен міне келдің (құшағын жаяды)

Келгенің тамаша болды (құшақтасады)

 

Мұғалім. Құрметті оқушылар, бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбы: «Достық татулықтан басталады» Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі, бірақ та кейбіреулер дос деген сөздің мәніне жетпейді.

«Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі тренингіміз дос туралы талқыланатын боламыз.

Балалар, алдымен достық деген не, оны қайсысымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық.

Достық алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз достық та болмайды. Ал адалдық деген -рухани тазалық. Онсыз сен досың үшін майданда да жан бере алмайсың?

Тренинг ережесі:

  • бір-бірін тыңдау;
  • уақыт үнемдеу;
  • белсенділік таныту;
  • достық қарым-қатынас;
  • жағымды эмоция тудыру.

 

«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.

Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.

1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;

2 рет шапалақтаған кезде бір – бірін құшақтайды;

3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.

 

Тақырыпты ашу сұрақтары.

1.Дос деген кім?

2.Сендер өз достықтарыңды неге теңейсіңдер? (жауапты сурет арқылы беру. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.

Бірінші жауап Адамдар арасындағы байланыс.

Екінші жауап. Достықты шеңберге теңедім.

Үшінші жауап Жүрекке Төртінші жауап Байтерекке


 

3.Досың барма? Ол қандай?

4.Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5.Жақсы дос жаман дос қандай болады?

6.Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

7.Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

 

«Жалғастырып көр» ойыны

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені....................

Ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...............

Б) Сыйластық бар жерде.......

Сауалға жауап іздеу.

1.Біздің сынып қандай?

2.Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

 

«Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Шарты: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазады, ортасы екіге жыртылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

 

Мақал-мәтелді жалғастыр?

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан......................(көзіңе мақтар)

2.Досыңа күлме келер ......................................(басыңа)

3.Доссыз адам тамыры жоқ ..............................( ағашпен тең).

4.Досқа күлкі қылма, дұшпанға..........................(таба қылма)

5.Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен ............................................................( сыйлас)

6.Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғанан ................................ (сақтан)

7.Ақылсыз достан, ақылды .................................(дұшпан артық.)

8.Дос басқа қарайды,

Дұшпан.................................................................... ( аяққа қарайды).

9.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті.......................................................(дау алмайды)

 

« Атомдар мен молекулалар » жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынасын нығайту, көңіл-күйлерін көтеру.

Әр қатысушы- жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .

 

Социометрия әдісі.

Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған мәліметтерді оқу -тәрбие жұмысында қолдану,топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайды орнату.

Нұсқау.

Балалар сіздерге сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз сыныптарынан үш адам есімдерін жазасыңыздар.

1.Кіммен дос болғың келеді?

2.Партада кіммен бірге отырғың келеді?

3.Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

 

Өміршендік ережелері.Әр адамның ережесі -өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.

Жігер деген –Мен

Күш деген –Мен

Махаббат деген –Мен

Кешірім деген –Мен

Құдірет деген –Мен

Жасөспірімдік деген –Мен

Жастық шақ деген –Мен

Денсаулық деген –Мен

Адалдық деген –Мен

Жарқындылық деген –Мен

Бар ғажайып деген –Мен

 

Хормен: Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

 

Шапшаң ойын. « Иә мен жоқ»

Достық біреуге жымиғаннан бастала ма?

Достық біреуді қорғағаннан басталады ма?

Достық біреудің бағынан алма ұрлағанынан бастала ма?

Достық бір –біріне зат бөлісуден басталады ма?

Достық біреуді итеріп құлатқанан басталады ма?

Достық біреудің машинасын жөндегенен басталады ма?

Достық төбелескенен басталады ма?

Достық мазақтағанан басталады ма?

Достық сыпайы болудан басталады ма?

 

Жүректен–жүрекке.

Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі–түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды, соны алайық.

Қызыл –адамгершілік, сары–адалдық, қызғылт–мейрімділік, көгілдір–сүйіспеншілік, жасыл–әдептілік, көк–ізеттілік, ақ–қайырымдылық

Осы қасиеттер бойларыңызда дари берсін. Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Адал достық–өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, сондықтан балалар адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі тренинг сабағымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін.Өздерің де нағыз бола біліңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жалғастырып көр» ойыны

 

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені....................

 

 

«Жалғастырып көр» ойыны

 

Ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...............

 

 

«Жалғастырып көр» ойыны

 

Б) Сыйластық бар жерде.......

 

«Жалғастырып көр» ойыны

В) мен қандай доспын (өзіңді сипаттап беру)

Мақал-мәтелді жалғастыр?

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан......................

 

 

2.Досыңа күлме келер ......................................

 

 

3.Доссыз адам тамыры жоқ ..............................

 

 

4.Досқа күлкі қылма, дұшпанға..........................

 

 

5.Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен ............................................................

 

6.Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғанан ................................

 

 

7.Ақылсыз достан, ақылды .................................

 

 

8.Дос басқа қарайды,

Дұшпан.....................................................................

 

9.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті.......................................................

Просмотров: 1331


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст