Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
«Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі» ММ
Қаңтар айының 29-ы күні Жарқайың ауданының Крупская орта мектебінде «Инновациялық педагогикалық технологиялар білім сапасын арттыру шарты ретінде» тақырыбында семинар өтті. Семинарға аудандық мектептердің әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Семинарға 25 мұғалім қатысты. Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінен гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Опабекова Айнұр Рысбайқызы және жаратылыстану және математика бағытындағы пәндер бірлестігінің жетекшісі Абакуменко Молдир Тугеловна қатысты.
Семинардың мақсаты: мұғалім тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру.
Міндеттері: 1. инновациялық педагогикалық технологияларды өзектендіру және енгізу.
2. аудан мұғалімдерінің инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесін тарату.
Семинар сағат 10:00 де басталды. Алғашқы болып сөзді аудандық білім бөлімінің әдіскері Мажитова Куляш Мухташевна алды. Одан кейін Крупская орта мектебінің мұғалімі Палазник Г.В әдістемелік тренинг (сөздік сипаттама немесе сурет бойынша қандай педагогикалық технология қолданылғанын анықтау) өткізді.
Нысана проблемалар (үстелдерде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану проблемалары бар алдын ала дайындалған парақтар жатыр).
Диалог алаңы. Көшбасшы мұғалімдердің сөз сөйлеуі, педагогикалық технологияларды қолдану арқылы сабақ үзінділерін көрсету.
1)Гастелло орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жалилова Н.В «орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістері білім сапасын арттыру тәсілі ретінде» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
2)Гастелло орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маркова Н.С «1 сыныпта танымдық қызметтің ерекше түрі ретінде моделдеу» тақырыбында қатысушы мұғалімдерді топқа бөліп, ойын ойнатты.
3)Крупская орта мектебінің биология пәні мұғалімі өзінің қолданып жүрген технологиясымен бөлісті.
4)Крупская орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Д.М «информатика сабағында жаңа технологияларды қолдану» атты жұмысын көрсетті.
5)Гастелло орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жунусова К.К «математика сабағында сыни ойлау стратегияларын қолдану» тақырыбында өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Топта жұмыс істеу. «Ақылды үкі».
Топтық жұмысты Крупская орта мектебінің мұғалімі Палазник Г.В жүргізді. Топ мүшелері ағаштың суретін плакатқа салып ағаштың бойына қандай мәселе толғандыратынын, тамырына технология атауларын, жемістеріне жеткен жетістіктерін жазды. Сосын әр топтан екі адамнан шығып қорғады. Содан кейін қорытынды сөз айтылып, семинарға қатысушыларға сертификат тапсырылды. Осылай көңілді нотада семинар аяқталды.
Математика пәні мұғалімі: Абакуменко М.Т