«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі 7 «А» сынып Тәрбие жұмысының бірінші жартыжылдық бойынша қорытындысы

24.01.2020

Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі

7 «А» сынып

Тәрбие жұмысының бірінші жартыжылдық бойынша қорытындысы

Сыныптағы тәрбие жұмысының тақырыбы: Тұлғаға бағдарланған жалпы адамзаттық құндылықтарды шығармашылық және ынтымақтастық үрдісі барысында дамыту.

Мақсаты: Ізгілікке бағдарланған, әсемділікпен, ұлттық игіліктер мен мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, әлеуметтік өмірге бейімделген өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапта шешімдер қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 

     Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің 7 «А» сыныбында 3 оқушы бар: 2 ұл, 1 қыз. Үлгермейтін оқушы жоқ. Оқу озаты да жоқ. Оқушылар 4-ке оқиды. Көпбалалы отбасынан Сүлекен Еркін. 2019-2020 оқу жылында, жыл басында сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, жан-жақты, сауатты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді. Қыркүйек айында сынып оқушыларымен жиналыс өткізу барысында сынып белсенділерін сайладық. Сынып оқушылары тату, бір-біріне құрметпен қарайды. Кезекшілікті уақытымен орындайды.                   

      Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Отарова Гүлзана билегенді жақсы көреді, мектепте өтетін мерекелік іс-шараларда үнемі би билейді, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына би үйретеді. Мектебімізде өткен күзгі балл мерекесінде сыныбымыздың атынан хан мен ханша шығып «Ең талантты жұп» деген атқа ие болды. Мектепішілік «асық ойнау» жарысынан сыныбымыздың екі бірдей ұлы 1-ші және 2-ші орынды жеңіп алды. Сынып оқушылары сынып басшысы Отарова Гүлзанаға бағынады. 7 «А» сыныбында бірінші жартыжылдықта 16 сынып сағаты өтті. Қыркүйек айында 4 сабақ өтсе, қазан айында 4 сабақ, қараша мен желтоқсан айында да 4 сабақтан болды.

      Қыркүйектің 4-і күні алғашқы сынып сағаты «Саналы ұрпақ-ұлт болашағы» аясында «Патриотизм- ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында өтті. Сынып сағатына ата-аналар қатысты. Қазан айының 23-і күні «Мен-елімнің ертеңімін!» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағаты Республика бойынша барлық мектептерде өтті. Сынып сағатына директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі және де оқу ісінің меңгерушісі, сонымен қатар басқа да пән мұғалімдері қатысты. Тәрбие сағаты соңында оқушылар және де сынып сағатына қатысушы қонақтар «қара жорға» биін биледі.

     

     Желтоқсан айының 11-і күні біздің еліміздегі атаулы мерекелердің бірі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым!» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаттары жоспар бойынша өтіліп отырды. Каникул кездеріндегі қауіпсіздік ережелерімен оқушылар таныстырылып, қолдары қойылды.

      Сынып оқушыларының бойына өз еңбегімен қатар өзгенің еңбегін қадірлеуге, тұрақтылықтылықтың тиімділігін білу, әділдікті сүю, өз ойын еркін айту сияқты қасиеттердің қалыптасуына үлес қостым. Олардың жеке тұлға ретінде қоғамның бір мүшесі екенін ұғындыра білдім деп айта аламын. Қалыс қалған сағат саны жоқ.

 

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст