«Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас»
13 желтоқсан күні Костычев ауылында Тәуелсіздік күніне орай «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты іс-шара өтілді.
Іс- шараның мақсаты — отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген жауапкершілікті жетілдіру. Бұл іс- шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары, мәдениет үйінің ұжымы қатысты.
Қазақстан ән ұранымен ашылып, ауыл әкімі Байдильдин Ғ.А. құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп оқушылары Тәуелсіздік күніне арнап әдеби монтаж қойып, әдемі патриоттық әндерімен жалғастырды. «Атамекен» әні шырқалды. Мың бұралған бишілер «Томирис» (5-11 сынып оқушылары), «Шаттық» би тобыда ( 5-7 сынып оқушылары: Ысқақ Ж, Отарова Г, Скварко Н, Магизамова Н.) өз өнерлерін тарту етті. «Ұланымыз Отанның» әні мен - 4 «А» сынып оқушылары (Марат Д, Магизамов Р, Ысқақ М, Шайжанова М), « Әжелер» ансамблі «Ақтамақ» әнімен ( Абдрашитова А, Абакуменко М. Жұматай Ұ, Мағзұм А) ән «Туған жер» (Абакуменко М), «Жақсыларым» – Жұматай М, «Верный друг» 2 Б сынып оқушылары, «Көк тудың желбірегені» әнімен Жуматай Мизамбек аяқтады.
Іс-шараны ұйымдастырғандар мекетеп пән мұғалімдері Абакуменко М.Т,Абдрашитова Ж.Э. сонымен қатар мәдениет үйінің меңгерушісі Қабжанова С.М, мәдениет үйінің ұйымдастырушы Жұматай М.Қ.
Тәуелсіздік – білектің күшімен, найзаның ұшымен қан майданда шайқасқан бабаларымыздың басынан өткерген азапты күндерінің өтеуі ретінде ұрпағына берілген ұлы сый. Ол 1986 жылғы оқиғаға қатысқан жастардың берік рухының отаншылдық жалынының жемісі. Сондықтан, тәуелсіздік тұғырын берік ұстап, ел болашағын жаңа белестерге көтеру бүгінгі күннің еншісінде. Ұлы тарихқа тағзым етіп, Отан мүддесі үшін қызмет етейік. Бірлігіміз нығайып, берекеміз асқан елге айналайық. Аспанымызбен астасқан көк туымыз биіктен желбірей берсін! Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын, ағайын!
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің
тарих пән мұғалімі: Абдрашитова Ж.Э