Мамандықты таңдау туралы жоғары сыныптарға арналған ақпараттық-танымдық сабақ
Мұғалімнің аты-жөні: Момыш Шәріпхан
Мектеп: «Октябьрдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Мерзiмі:16.01.23
Сынып: 10-11 сыныптар арасындағы ақпараттық-танымдық сабақ
Тақырыбы: «Мамандықты таңдау – болашақты ойлау»
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
— Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу
— Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері:сұрақ – жауап, дискуссия, тренинг, топтық жұмыстар.
Көрнекілігі: проектор, тақырыпқа сай әзірленген слайдтар, плакат, үлестірмелі қағаздар.
Өткізіу формасы: танымдық сағат
Қатысушылар: 10-11 сынып оқушылары.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер!
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі.
Ал осы мамандықтың қанша түрі бар деп ойлайсыңдар?
Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл.. Міне сондықтан заманауи мамандықтармен танысу бүгінгі уақытта өте қажет болып тұрған мәселелердің бірі. Мамандық әлемінің зор көптүрлілігі өмір үшін барлық қажеттіні жалғыз адам атқара алмайтындығының салдары. Өз жұмысын орындау үшін адамға белгілі бір білім мен ептілік қажет. Осылайша мамандықтар пайда болған. Күн сайын миллиондаған адамдар жұмысқа асығып бара жатады. Олар немен айналысады? Өз жұмысын жақсы көреді ме? Жұмыс түрін қалайша таңдады екен,өздерінің кәсіби жолын қайталар ма еді немесе басқа іспен шұғылданар ма еді? Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады.
«Психогеометрия» сергіту сәті
IІI. Қорытынды бөлім.
Ой бөлісу (тұжырымдарды дәлелде)
Рефлексия
Мамандық дегеніміз — адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық, не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандықтар 5 типке бөлінеді:
Көше шамдарын жағушы.Оператор коммутатор. Мұз ойғыш. Ұйқыдан оятатын адамдар.Боулинг тастарын (кегля)қоятын адамдар.
«Психогеометрия» сергіту сәті
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай — ақ шығармашылық қабілетін, ой — өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50 пайызына сұраныс болмайды. Сондықтан, уақыт талабына сай болу керек»,-деген болатын.
«Болашақта мүлдем жаңа мамандықтарға қажеттілік туады. Роботтар жұмыс істей бастайды. Қазір ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде. Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды интеллект бар. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар атқарады. Біздің мамандық туралы барлық түсініктеріміз өзгереді. Сондықтан, біз қаласақ та, қаламасақ та жұмыс орындары қысқара бастайды»,- деген еді.
Инженер, IT саласының мамандары, Нанотехнология саласының мамандары, Электроника және биотехнология мамандары, Маркетологтар, Қызмет көрсету бойынша мамандар, Логистер, экологтар, химиктер, дәрігерлер.
Ойын инспекторы, Гольф добын суда жүзіп алып беруші, Жыланның уын алушы, Печеньелерге арналған анықтамалар жазушы, Құрт жинаушы, Иттердің тағамының дәмін татып көруші, Иттердің тағамының дәмін татып көруші, Манекен адамдар
IІI. Қорытынды бөлім.
Ой бөлісу (тұжырымдарды дәлелде)
Тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде.
Рефлексия
«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы
Өз ойларындағы бақыт құсын жасап, тілектерін басқа сыныпқа сыйлау.
Түйінді ой: Мамандық таңдаудың 6 қадамы.
Мамандық туралы басқа да материалдар
Мамандықтар туралы өзге де материалдар