30.10.2025
Ұлттық ойын – ұлттың рухани байлығы. Осындай бай мұрамыздың бірі – асық ату ойыны. Бұл ойын тек балалардың ермегі ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, ептілік пен мергендікті талап ететін қазақтың төл спорты.
Жуырда ауданымызда ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Асық ату» және «Бес асық» жарыстары ұйымдастырылды. Жарысқа 9-11 сынып оқушылары белсене қатысып, мергендік пен шапшаңдықтарын көрсетті.
Бұл додада Октябрьдің 50 жылдығы атындағы мектептің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, «Асық ату» бойынша 2-орын, «Бес асық» бойынша 1-орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін танытып, достық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Асық атып, атқа мінген – ел болашағының кепілі!