желтоқсан Тұңғыш Президентіміз күніне орай 27 қараша күні Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебімізде «Елін сүйген –Елбасы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны өткізген ағылшын тілі пәні мұғалімі Габдуллина В.З .
Тәрбие сағатына әр сыныптан екі оқушыдан қатысты. Сабағымыз ҚР әнұранымен басталды. Содан кейін оқушыларға сұрақтары бар карточкалар таратылды. Карточкадан Қазақстан сөзі шықты, сол сөзден артүрлі сөздер құрастыру керек. Оқушылар бұл тапсырманы жақсы орындап шықты. Бұл тапсырмадан кейін 4 сынып оқушылары «Тәуелсіз ел ұланы» атты әсем әнді орындап берді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға екенін көрсету мақсатында видеоролик көрсетілді. Қатысушылар , қонақтар өз ойларымен бөлісті. Президент сөзіне класстер әдісі ретінде тапсырма берілді. Бұл тапсырманы да ойдағыдай алып шықты. Қатысушыларымыз Нұрсұлтан аталарына арнап олең жолдарын арнады. 7-8 сынып оқушылары сабағымыздың көркін келтіріп «Мен қазақ» деген әнді шырқап берді. Сабақтың соңында шырақ жағылып қазақ еліне арналып жаксы сөздер, тілектер айтылды.