«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі апталығы

12.10.2019

2019-2020 оқу жылында Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген іс-шараларының мәліметі

 

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.Тіл мерекесіне орай мектебімізде «Тіл-татулық туы »  атты тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Дүйсенбі күні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған мектеп директоры Магизамов Т.С  тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екндігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Шараны пән мұғалімдер Мағзұм А.А , Хамзин Е.Ш,Габдуллина В.З,Жусипбекова Ж.К дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз.Ұстаздар қауымының басты міндеті-шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Мағзұм А.А«Ананың тілі-жүректің үні» атты шығармалар сайысын ұйымдастырса, Габдуллина В.З «Мен көп тілді білемін» атты интеллектуалды марафон өткізді. Тіл мерекесінің жоғары деңгейде өтілуіне бастауыш сынып оқушылары да атсалысты.                  Хамзин Е.Ш «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты  3б сынып оқушылары арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаз топ мақтау қағазымен марапатталды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жусупбекова Ж.К ұйымдастыруымен « Если дружат люди- дружат языки» атты мерекелік іс-шара 4,8,9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.Ал, ағылшын мұғалімдерінің «English is a global language» атты 5-7 сыныптармен пән мұғалімі Габдуллина В.Зсыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Оқушылар тілге қызығушылықтарын білдіріп, зор ықыласпен сабақ қызықты өткізілді.
«Тапқыр болсаң тауып көр» атты 5-6 сыныптар арасында тіл жанашырларына дебат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтенова Аяужан Шариповна құттықтау сөзінде Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды апталықта белсенділік танытқан топтарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.
Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, оқушылар қазақтың ұлттық биін шабыттана орындады. Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

 

Әдістеме бірлестік жетекшісі : Опабекова А.Р

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст