Елімізде Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күніне арналған «Эко-сағат» акциясы басталды. Акцияны қолдау мақсатында біздің мектепте ұйымдастырылған экосағатқа қатыстық. Оқушылармен еліміздің экологиялық жағдайы, табиғатты қорғау сияқты тақырыптар бойынша пікір алмастық. Экосағаттан кейін оқушылармен бірге мектеп ауласында ағаштар отырғыздық.