1 қазан - Халықаралық Қарттар күнін атап өтуге байланысты іс-шара жоспарланды. Аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп және қарттарға қамқорлық көрсету мақсатында ауыл әкімшілігі,мәдениет үйі қызмекерлері, ММ «Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебі», «Костычево» ЖШС, «Жаркайың» ЖШС мерекелік іс- шара өткізілді.
Іс-шараны ауыл әкімі Байдильдин Ғ. Ә. қарттарға алғысы мен тілегін айтумен ашып берді. Ол кісі өз сөзінде: қарттарға қамқорлық –біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет екендігін, елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында Қазақстанда ардагелерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар өткізіліп жатқандығын айтып өтті.
Жеке шаруашылық серіктестіктердің басшылары зейнеткерлерді мерекемен құттықтап,акшалай сыйлық табыс етті
Сондай – ақ зейнеткерлер мерекелік концертті тамашалады.