Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу болып табылады.
Бала еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері айқындалған.
Сонымен, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға рұқсат етіледі.
Сонымен бірге, Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен, оның заңды өкілдерінің бірімен қол қойылған жағдайда, еңбек шарты:
1) орта білім беру ұйымдарында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда 15 жасқа толған азаматтар;
2) оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға бағытталған бірқатар ережелер енгізілген.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында 18 жасқа толмаған адамдарға қатысты еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға мынадай жұмыс түрлеріне тыйым салу мен шектеулер көзделген:
- ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға 18 жасқа толмаған азаматтармен ;
- жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігін көздейтін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімін, темекі бұйымдарын, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау және сату).
- түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салу (сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін).
- үстеме жұмысқа тыйым салу
- жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмысқа тыйым салу,
- вахталық әдіспен жұмыс істеуге тыйым салу.
- қоса атқаратын жұмысқа тыйым салу
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында 14 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға қатысты қысқартылған жұмыс уақыты режимі бойынша талаптар белгіленген:
– 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін-аптасына 36 сағаттан артық емес.
– 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін-аптасына 24 сағаттан артық емес.
ҚР ЕХӘҚМ 08.12.2015 ж. №944 бұйрығына сәйкес 18 жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі бекітілді. Мемлекет кәмелетке толмағандардың еңбегіне қойылатын заңнамалық талаптарды белгілей отырып, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган, прокуратура, білім басқармасы, құқық қорғау органдары) жүзеге асырады.
Балалар - кез келген мемлекеттің болашағы және мемлекеттің басты міндеті – біздің балаларымызға зияткерлік және рухани жағдайда болуға, шынайы құндылықтарды табуға, ар-намысты, ар-ождан мен қадір-қасиетті сақтауға көмектесу.
Біз балаларды осы мүмкіндіктен айырмауға шақырамыз, өйткені әр баланың өмір сүруге, бақытты балалық шаққа құқығы бар!