Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Октябрьдің жылдығы атындағы орта мектебі
«Отбасы сағатты» атты ата-аналар жиналысының есебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Отбасы сағаты» республикалық акциясын өткізуді, бойынша Октябрьдің жылдығы атындағы орта мектебінде мамыр айының 15 күні ата-аналармен жиналыс өткізілді.
Онда ата-аналарға және оқушыларға отбасы құндылығы қаншалықты маңызды екенін баяндап түсіндірілді. Жиналысқа қатынасушыларға видеороликтер көрсетіліп ондағы отбасындағы балалар құқығын қорғау және балалардың қараусыз қалмауы жайында болып, өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау және жаман істерден арылу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Одан әрі ата-аналармен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларымен бірге қатысып, отбасындағы бірлікті сақтау бойынша түрлі сұрақтар қойылды.
Осы жарыста ата-аналар мен оқушыларға түсіндіргіміз келгені, отбасының бір тұтастығы мен бір-біріне деген қарым-қатынастарын одан әрі жетелеу болды.