«Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ұмтылмайды» тақырыбында мектепшілік және ауыл мәдениет үйінің бірлесуімен мерекелік салтанатты жиын болып, 1941-1945 жылдардағы алапат соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, елге Жеңіс сыйлаған соғыс және еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындарын салтанатты жиында ауыл әкімі Байдилдин Ғафурбек Әнапия ұлы құттықтады:
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 74 жыл толды. Бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Іс-шараға Филюк Г.М, Ярома В.П тыл ардагерлері шақырылып, ол кісінің әңгімесін тыңдады. Ардагер атамызға құрмет көрсетілді. Оған жиналған соғыс ардагерлері мен тылдағы еңбек майталмандары және көпшілік қауым Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Осыған орай, 5-11 сыныптар арасында «Ерлік- ұрпаққа мұра», «Біз Отан қорғаушылармыз», «Еркін елдің ұланымыз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. «Мен –елімнің патриотымын!» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы болып өтті. Сыныптар әскери әндерді нақышына келтіріп орындап, сайыс жеңімпаздары анықталды.
тарих пәнінің мұғалімі Опабек А.Р.