Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау. 1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1.1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды. 1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.