«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тапқыр болсаң, озып көр» (интеллектуалды ойыны)

15.03.2019

Мақсаты: Оқушылардың  жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау.Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.  

Түрі: топтық жұмыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсрмалар, логиуһкалық тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер, қонақтар!  Ұлы абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»-деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырыннан көрсетіп, жақсы ат салысайық.                 Ал келіңдер, келіңдер,                                                                                                                                                                                Біріне-бірің еріңдер.                                                                                                                                                               Біліміңді тексеріп,                                                                                                                                    Ойынға қатысып көріңдер, -дей отырып, «Тапқыр болсаң, озып көр» атты білімдер сайысына қош келдіңіздер!

Сайысымыздың мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой-ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және Өз білімдерін көрсете білуге үйрету.

Білімімен тәнті етеді тектілер,

Мұратына қалды жеткізер

Бар ізгілік біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар, -дей келе сайысымызды бастайық.Ендеше сайыскерлерімізді қошеметтеп қояйық

- Бүгінгі сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
1 - кезең: «Бәйге»
2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
3 - кезең: «
Сөз құрмақ»
4 - кезең: «Жорға»

1.     5 – кезең «Он саусақ»

Негізгі бөлім:
- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

1 - кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады.  Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!
- Ал, бастайық!
                                                                                                                                 1
1. Ш дыбысы қандай дыбыс (дауыссыз, қатаң)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс (у)
5. Ең кіші екі таңбалы сан (10)
6. Бір тәулікте неше сағат бар?(24 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)                                                                                               8 Ең үш таңбалы сан  (999)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)                                                                                                                                                                                         

 

11 Қазақстанда қанша облыс бар  (14)
12. Нар деген не? (жалғыз өркешті түйе)

13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Қаңтар қыс мезгілінің нешінші айы? (екінші)
15. Адам денесінің негізгі тірегі (қаңқа)                                                                                     16 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларын ата (көмір, тұз, алтын, хром, мұнай)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
20. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ы. Алтынсарин)

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Жеті жұрттың тілін біл».
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.  Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
2. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
 

1. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
2. Жеті қазынаның бірі –                                                                                      2
Адамды қорып жүретін досы.
(ит – собака – dog)
3. Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады (сағат, часы, o′clock)

 

3 - кезең: «Сөз құрмақ»

Түсті ұяшық ( орыс тілі пәнінен) Әр сөздің тек аудармасын айту

1 Папа – Әке, 2 Мектеп – Школа 3 Мұғалім – Учительница  4Дәптер – Тетрадь

5 Кітап-книга  6 Күнделік – Дневник  7 Күн – Солнце  8 Қарындаш-Қарындаш

1 Мама – Шеше  2 Знания– Білім  3 Природа– Табиғат  4  Воздух – Ауа

5 Ум-Ақыл     Небо – Аспан   Сумка – Сөмке     Родина -   Отан

Мудрость – Даналық

4 - кезең: «Жорға»:
- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақ беріледі, 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!
1. Жазамыз, және көреміз (әріп)
2. Қ. Р. Президенті? (Н.Назарбаев)
3. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (Үш)
5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (екі)
6. Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды (кереге)
7. Төрт түлік малды ата?
8. 1 сағатта неше минут бар? (60)
9. Жазуға арналған құрал (бор)
10. Абайдың анасы? (Ұлжан)
 

11. 1 дм неше см? (10см)
12. Жуан дауыстыларды ата? ( а, о, ұ, ы)
13. Әкеңнің әкесі саған кім болады?( ата)
14. Жіңішке дауыстыларды ата? (ә,ө,ү, і)
15. Астанамыз қай қала? (Астана)
16. Ұя салмайтын құс? (көкек)
17. Абайдың әжесі?(Зере)
18. Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады? (сан есім)
19. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім?(Ы.Алтынсарин)
20. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз(шеңбер)
                                                                                                                                   3

V – кезең «Он саусақ»

Әр топқа бірнеше матермалдар беріледі. Сол материалдардан бір зат құрастыру (3 минут ішінде)

Кірпі құрастырады

Гүл жасау

Ваза жасау немесе өз еркілерімен сурет салуға болады «Көктем» тақырыбында


Қорытынды:
Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады - ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау

Қолданған бастауыш сынып мұғалімі:  Жусипбекова А.Ж.

 

Просмотров: 1805


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст