Бөлме өсімдіктері
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының табиғатқа деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу мақсатында сыныптан тыс дүниетану пәнінен іс-шаралар өтеді.
Солардың бірі «Бөлме өсімдіктері» күтіп баптау қағидалары. Бөлме өсімдіктерін өсірудің мәні зор. Үйде немесе мектеп бөлмелерінде бөлме өсімдіктерінің алатын орны зор.Ол өзінен оттегін шығарып, бөлмелердегі көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп алады. Бөлме өсімдіктерін баптап күтудің де мәні бар ,оның жыл сайын топырағын ауыстырып,баптап отыру керек. Кей өсімдіктер ді жиі суару керек болса ,кей өсімдіктерді аптасына бір рет суаруға болады. Қазір көктем мезгілі, бөлме өсімдіктері гүлдеп құлпырып, жапырақтарын кеңге жайған кез. Сынып оқушыларын бөлме өсімдіктерін күтіп баптауға қалыптастыру бізде жақсы қалыптасқан, себебі біздің сыныпта бөлме өсімдіктерінің сан алуан түрлері бар.Оны суару ,топырағын қопсытып баптау жұмыстары сынып жетекшінің басшылығымен оқушылар өздері атқарады.
4 "А" сынып жетекшісі: Жалелова Ш.А.