Алғыс айту күні !
Алғыс айту күні – Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
1 Наурыз күні Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты мереке өтті.Айтулы мерекеде мектебіміздің директоры Магизамов Т.С., құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізіп, жиналған көрермендер мен оқушыларды құттықтады.
Мектебіміздің 0-4 бастауыш сынып оқушылары өлең шумақтарын арнап айтса,жоғарғы орта буын және жоғарғы сынып оқушылары хормен
жалғастырды.Мектебіміздің әр сыныбынан құралған «Айгөлек» би тобы өздерінің мың бұралған билерімен көрермендерді тәнті етті.
Сонымен қатар,Флешмоб елбасымызға,аналарға,ұстаздарға арнап мың алғыс айтып ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға жауапты болған Жалелова Шолпан мен Жусипбекова Айгул.
Олар өздерінің шеберлігімен мерекелік іс-шараны әдемі өтуіне үлесін қосты.
Себебі,сахнаны ерекше етіп безендіруімен ерекшеленді.
Бастауыш сынып мұғалімдері: Жалелова Ш.А мен Жусипбекова А.Ж.