«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тиімді оқытудағы қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың маңызы (ата-аналарға арналған коучинг)

27.02.2019

Тақырыбы:  Тиімді оқытудағы қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың маңызы (ата-аналарға арналған коучинг)

Мақсаты:  

  1.  Қалыптастырушы  бағалау мен  кері байланыстың маңыздылығын  саралау арқылы қабылдайды;
  2.  Бағалаудың түрлерімен танысады; 
  3. “Күнделік. kz” арқылы берілген кері байланыстың тиімділігін түсінеді;

Күтілетін нәтиже:

  1. Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың  маңыздылығын саралау арқылы қабылдады;
  2. Қалыптастырушы бағалаудың түрлерімен танысты;
  3. “Күнделік  kz” арқылы берілген  кері байланыстың тиімділігін түсінді;

Сәлемдесу,  қатысушылар  ортаға шығып,  әр елдің сәлемдесулерін көрсете отырып, құшақтасып амандасады.

Мүғалімнің сөзі:
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
5. «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
6. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.
7. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
 

 Тренинг      Менің балам қандай? «Бес саусақ» ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар алдын-ала дайындалған ағашқа  ватманға жабыстырылады.

Топқа бөлу:   қатысушылар екі топқа бөлінеді.  Ол үшін қиылған саусақтардың түстеріне мән беру керек.

Коучингтің барысы: 

Ата-аналарға  «Жаңартылған білім мазмұны»  туралы түсіндірмеден басталады.

                           Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді  Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. 
Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» – деп білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойған болатын.

Критериалды бағалаудың маңызы:

  • Ата-аналар үшін:
  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Бірінші тапсырма орындалады.

Ол үшін екі топқа парақшалар таратылады. Парақтарда латынша қаріппен сөздер жазылған, топ мүшелері сөздерді оқып береді.

Qazaqstan,  astana,  aı,  úı, oıshyl,   sáýkele,  demeýshi,  qaýyn   ınstıtýt,   kıno,   fýtbol,   Qazaq,   ulttyq,  ýnıversıtet,  muǵalim , balapan, 

Саралау жүргізіледі.

Мұғалім қорытынды бағамдау жасайды:

Қандай екі нəрсе табысты болды?
1:
2:
Қандай екі нəрсе кедергілер тудырды?
1:
2:

Шығармашылық тапсырма орындайды: 

 

Слайд арқылы таныстырылым жүргізіледі.

 «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы деп,    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде  «Ұлы даланың жеті қыры»  атты    мақаласын жариялады. 

Қалыптастырушы бағалау  орындалады.

Топқа түсіндіріледі  топ мүшелері жоба қорғап, ортаға таныстырады. 

Бағалау критерийлері таныстырылады

Кері байланыс жүргізу. Қалыптастырушы бағалаудан кейін кері байланыс топқа таныстырылады.

Жалпы коучингті қорытындылау үшін қатысушылар кері байланыста шығу билетін толтырады.

 

 

 

Шығу билеті

  1. Қалыптастырушы бағалау мен кері байланыстың маңыздылығын саралау арқылы қабылдадым
  2. Қалыптастырушы бағалаудың түрлерімен таныстым
  3. «Күнделік kz» арқылы берілген кері байланыстың тиімділігін түсіндім

Смайликтерге өзіме жаңалық болды, бұрынғы ойымды тастаймын, маған әлі ой елегінен өткізу керек деген үш жақты ойларын суреттерге жапсырады.

 

Қолданған: 6 "А"-сынып жетекшісі Абакуменко М.Т.

Просмотров: 1141


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст