Болашаққа бағытталған игілікті іс...
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Бүгінгі таңда елімізде үлкен ағалардан кішкентай балаларға дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Осы орайда мектептегі спорттың жағдайы оқу-тәрбие жұмысындағы маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Осындай бір игілікке бағытталған, ауылымыздың спорттық мәртебесін көтеру мақсатында Аудандық маслихаттың депутаты, жерлесіміз Жүнісов Азамат Талғатұлы мектебімізге демеушілік жасап, 14 пар спорттық киім сыйға тартты. Аудандық маслихаттың депутаты Жүнісов Азамат Талғатұлы өзі үлгі болып, әрдайым ауылдық әкімшілікке, балабақшаға, мектепке көмек қолын созып отырады. Мектебімізде облыстық депутат Камышанский В.П. салып жатқан спорт залына тағы да бір себепкер болып, спорттық киім сыйлап жатқан Азамат Талғатұлына алғысымыз шексіз. Осындай халқым деп ет жүрегі елжіреп, бауыр еті бұйығып тұратын азаматтар көп бола берсін деген тілектеміз.
Мектеп әкімшілігі