Байқау 6-10 сыныптар арасында қазақ халқының батырлық жырын жатқа айту бойынша ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты мен міндеттерін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Магизамов Т.С.тоқталып өтті.
-балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
-өскелең ұрпаққа шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
-балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу;
-балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;
-дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету;
-өнерлі жастарды халық арасында таныту;
-қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру мақсатында жүргізіліп отырғанын түсіндірді.
Байқау аясында қатысушыларға «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту, жыр ішіндегі көнерген,тарихи сөздердің мән-мағынасын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамзин Е.Ш және Әскербек Н.Е.түсіндірді. Мағзұм А.А қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасы негізінде жыр ішіндегі жекелеген оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты сұрақтар дайындап, оқушылардың жауаптарын саралады.
Байқауға 6-10 сыныптар арасында 10 оқушы қатысты. Үздік өнер көрсеткен оқушылар мақтау қағазымен марапатталып, аудандық байқауға жолдама берілді.