«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы даланың жеті қыры

15.02.2019

Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебіңде өткізілген Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласын ақпараттандыру туралы мәлімет

 

Тамырсыз тал болмайды,

Тарихсыз ел болмайды, - деп келетін мақал мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры » атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай.

 Бұл мақаланы оқи отыра Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтық.

Жаяу жүрсе - бір қазақ,атқа мінсе - мың қазақ,- демекші ертегідей ескі заманның өзінде даланың дүлділі сәйгүлікті қолға үйретіп, адамзат баласына атқа міну мәдениетін қалыптастырып, тасты талқандап, болатты балқытып, темірден түйін түйіп, дала заңына бас ұрған данышпан қазақ екені тайға таңба басқандай жазылған бұл мақалада.

Тауында жатқан тасын түрсең тарихы сөйлейтін даламыздан Алтын адам табылып, Ұлы Жібек жолы жүріп өткен алтын етек Алтайдың Түркі әлемінің алтын бесігі атануы заңдылық деп білеміз.

Ендігі осы бай тарихымызды түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді қайта жағу жолында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасының маңызы айтпасада белгілі. Себебі ұлтымыздың ұлылығын дәлелдейтін деректер мен тарихи тың материялдар шаң басқан архивтермен ұлы тұлғалардың еңбектерінде екені ақиқат. Міне осы орайда мемлекет басшысының ұсынып отырған  «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы Дала тұлғалары» сынды жобаларды мақалада көзделген мақсаттарды жүзеге асыру жолындағы атқаратын рөлін ерекше деп, санауға болады.

Сонымен қатар мақалада айтылған адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелген орны бөлек Отырар, Қожа Ахмет Яссауи ілім алған Түркістан қалаларын тарих сахнасында қайта жаңғыртып, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобасы негізінде бейбітшіліктің символына айналған ажарлы Астанамыз түркі тілдес халықтарының ортақ үйіне айналары айдан анық.

Бұл мақалаға көз сала отырып, қарға тамырлы қазақтың ғана емес түбі түркі дүниесінің тарихын түгендеген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевты түркі тілдес халықтарының көш басшысы ретінде таныдық.

Аталған мақалада жоғары айтылған тарихи тың деректер мен архивтерден табылған құнды құжаттар ұлттық сарындағы жаңа деректі және көркем фильмдердің сценарийлеріне арқау болатыны айтылған.

Қорыта келгенде  ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайды. Біз бұл мақаланы оқудан түйген ойымыз.

Өз ойымызды ел басының «Қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе болған жоқ»,-деген сөзімен аяқтап, және болашақта ұлт тарихында ұлт ұялатын еш нәрсе болмайтынына сенім білдіргіміз келеді.

Просмотров: 755


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст