2019 жылдың 12 ақпан күні Н. Островский ОМ "Тіл дарын- 2019" конкурсының аудандық кезеңі өтті. Мектебімізден бұл сайысқа үш оқушы қатысты.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілдікті насихаттау;
- Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру.
- оқушылардың үш тілде оқып-үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Сайыс нәтижесі бойынша 8 сынып оқушысы Исмагулова Адель ІІІ орын алып, 9 сынып оқушысы Кариева Гүлімай және 10 сынып оқушысы Исмагулова Бахыт "белсене қатысқаны үшін" мадақтамаларымен марапатталды.
Жетекшісі: ағылшын пәнінің мұғалімі Габдуллина В.З.