Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінің
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өтілуі туралы ақпарат
Акцияның мақсаты: күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республиуасының заңнамасында анықталған балалардың өзгеде санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.
Білім басқармасының 2016 жылғы жоспарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хатына сәйкес 2019 жылдың 10.01-10.02 аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды. Жасалған акция бұрышына «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қатысты мәліметтер ілінді.
Бұл өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдерінің түгел қатысуымен өткізілді. Өздеріне тиісті шағын аудандарды, яғни 7 көше, 60 үйді, 7 мұғалім аралап мектептен тыс қалған оқушылар жоқ. Өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдері «Жүрегім толы мейірім» атты қамқорлық акциясы демеушілік жасап, 5 оқушыға мектептегі көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына 21.500 (жыиырма бір мың бес жүз) теңге көлемінде киім-кешектер, оқу-құралдары алынды. Акция барысында көп балалы отбасы, аз қамтылған жанұядан шыққан оқушылар тізімі жаңартылып, қайта құрылды. «Қамқорлық» акциясы аясында 2 оқушы көп балалы жанұядан шыққан, 3 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан, оқушылар тізімі жасалды. Акция жоспары ұжымға, ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды. Осы акция барысында мектептің аз қамтылған отбасынан шыққан, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында балаларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Әлемге мейірімді көзбен», «Ата-ана және бала тәрбиесі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Өткізген сынып жетекшілер Жусупбекова Ж.К., бастауыш сынып жетекшілері Сейтенова А.Ш., Абдрашитова А.С. және жоспарға сәйкес «Жақсылық, жақсы істер бастауы!» сурет көрмесі өткізілді жауапты мұғалім Ахметова П.М.
Қайырымдылық айлығының соңына «Жүрегім толы мейірім» атты концерттік бағдарламамен аяқталды.
«Қамқорлық» акциясы бойынша қамтылған оқушылар тізімі;
Қалған оқушыларға Қамқорлық акциясы аясында каламдар мен каламсаптар таратылды және кейбір оқушыларға дәптерлер мен сызғыштар таратылды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Серикбаев Т.Д