«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының чемпионы атанған жас дарын!

18.05.2026

Жарқайың ауданы, Костычево ауылындағы «Октябрьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 4-сынып оқушысы Жұмабек Айжан тоғызқұмалақтан үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол Ақмола облысының іріктеу чемпионатында қатарынан үш мәрте 🥇 І орын иеленіп, облыс чемпионы атанды.

Бұл жеңіс — жас спортшының табандылығы мен үздіксіз еңбегінің, сондай-ақ сапалы дайындықтың нәтижесі. Тоғызқұмалақ — терең ойды, шыдамдылық пен зеректікті талап ететін ұлттық зияткерлік ойын. Осындай күрделі додада дараланып, үздік атану — үлкен мақтаныш.

Жас чемпион Айжан мектептің ғана емес, бүкіл ауданның мерейін үстем етіп отыр. Оның бүгінгі жетістігі — болашақтағы биік белестердің бастауы. Алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп, талай асуды бағындырады деген сенім мол.

Сонымен қатар, шәкірт тәрбиелеп, оның қабілетін шыңдауға аянбай еңбек еткен жетекшісі Ыбырай Байдос Жұмабекұлына ерекше алғыс білдіреміз. Ұстаз еңбегі — әрбір жеңістің негізі. Жас дарынның жетістігінде жетекшінің кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегі зор.

Жас чемпионға толағай табыс, жарқын жеңістер және жаңа жетістіктер тілейміз!
Еліміздің көк байрағын биікте желбірете берсін!

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст