26.03.2026
Қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық ойындары – ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігі. Солардың ішінде «Асық ату» мен «Бес асық» ойындары ерекше орын алады. Бұл ойындар жас ұрпақты мергендікке, ептілікке, шапшаңдыққа баулып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Жуырда 5–6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық «Асық ату» және «Бес асық» сайысы осының айқын дәлелі болды. Аталған жарысқа әр мектептен үздік оқушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігерін, өз шеберлігін көрсетуге тырысты.
Осы додада біздің мектептің оқушылары ерекше белсенділік танытып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. Асық ату барысында олардың дәлдігі мен мергендігі көзге түссе, бес асық ойынында шапшаңдықтары мен ептіліктері таңдай қақтырды. Ойынның әр кезеңінде сабыр сақтап, қарсыластарынан басым түсіп отырды.
Нәтижесінде, біздің оқушылар барлық қарсыластарын артта қалдырып, аудандық сайыста І орынды жеңіп алды. Бұл – үлкен жетістік әрі мақтаныш. Мұндай жеңіс оқушылардың ғана емес, бүкіл мектеп ұжымының ортақ қуанышы.
Әрине, бұл жетістікке жету жолында жетекшінің еңбегі зор. Жетекші Әнапия С. Ғ. оқушыларды жан-жақты дайындап, олардың бойындағы қабілеттерін аша білді. Ұстаздың бағыт-бағдары мен қолдауы жас спортшыларға үлкен сенім сыйлады.
Осындай жарыстар арқылы оқушылар тек жеңіске жетіп қана қоймай, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, салт-дәстүрімізді тереңірек түсіне бастайды. Бұл – болашақ ұрпақтың ұлттық рухын нығайтудың бір жолы.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Жетекшісі: Әнапия С. Ғ. 🥇