«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік АӘжТД" жетекшісі

27.01.2026

Республикалық турнирдегі жүлделі орын
Республикалық «Үздік АӘжТД жетекшісі» байқауы аясында өткен пневматикалық винтовкадан ату сайысында «Костычева ауылының Октябрьдің 50 жылдығы атындағы ЖОББМ» КММ мұғалімі Әнапия Сұңқарбек жоғары нәтиже көрсетіп, III орынды иеленді.
Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен білікті, тәжірибелі АӘжТД жетекшілері қатысып, өздерінің кәсіби шеберлігі мен мергендік қабілеттерін сынға салды. Қатысушылар үшін бұл сайыс тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар әскери-патриоттық тәрбиені дамытудың маңызды алаңы болды.
Әнапия Сұңқарбектің жүлделі орын алуы — ұстаздың еңбегі мен табандылығының, жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі. Бұл жетістік жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлгі болары сөзсіз.
Жеңісіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

Просмотров: 665


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст