«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл – Жаңа белес!

29.12.2025

Мектебімізде 5–11 сыныптар арасында Жаңа жыл мерекесіне арналған көңілді кеш өтті. Шараның басты мақсаты – оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Әр сынып өз өнерлерін паш етіп, қызықты көріністер мен заманауи би, әндермен кешті жандандыра түсті. Аяз ата мен Ақшақардың келуі кешке ерекше реңк беріп, балалармен ойындар өткізіліп, сыйлықтар үлестірілді.

Мерекелік шарада оқушылардың белсенділігі, сахнада өзін еркін ұстауы, топпен жұмыс істеуі жоғары деңгейде байқалды. Шара соңында үздік өнер көрсеткен сыныптар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Жаңа жыл – жаңа үміттің, жаңа бастаманың белгісі. Барша оқушыларымызға 2026 жылы табыс пен бақыт тілейміз!

Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст