29.12.2025
Жуырда мектебімізде бастауыш білімнің алғашқы белесі – «Әліппемен қоштасу» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл — 1-сынып оқушылары үшін есте қаларлық, маңызды сәттердің бірі. Сынып жетекшісі Шолпан Әміржанқызының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада шәкірттер өздерінің оқып-жазуға үйренгенін, білімге деген қызығушылығын, өнерлерін үлкен дайындықпен көрсетті.
Шара барысында бүлдіршіндер әліппеге алғыс айтып, тақпақтар айтып, ән шырқап, сахналық көріністер қойды. Ата-аналар мен ұстаздардың ыстық ықыласы мен қолдауы балаларға ерекше рух беріп, олардың бойындағы өзіне деген сенімділікті арттырды.
Әліппе – әр баланың білімге жасаған алғашқы қадамы. Бұл қоштасу – жаңа белестерге бастар жолдың бастауы. Осындай әсерлі кеш ұйымдастырған Шолпан Әміржанқызына ата-аналар мен мектеп әкімшілігі алғысын білдіреді.
Жас бүлдіршіндерге тек сәттілік тілейміз! Білім жолындағы сапарлары жарқын болсын!