Текст
15.12.2025
Аудандық деңгейде өткен пікірталас турнирінде ерекше дайындық пен шешендік шеберлік танытқан Магизамов Рамазан мен Магизамова Назерке жүлделі III орын иеленді. Олар өз ойларын дәлелді, сауатты жеткізіп, қарсы тараппен мәдениетті түрде пікір жүргізе білді.
“Ұрпақ үні” тобының бұл жетістігі – оқушылардың терең білімінің, логикалық ойлау қабілетінің және тиімді топпен жұмыс жасай алу дағдысының нақты көрінісі.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!