02.12.2025
Ағымдағы аптада мектепте 5–11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға арнайы шақырылған ауылдық учаскелік полиция инспекторы оқушылармен кездесу өткізіп, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мол мағлұмат алды. Учаскелік инспектор құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары және қоғамдық тәртіпті сақтау жолдары туралы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді.
Бұл дөңгелек үстел – оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің жауапкершілігін арттырып, өз іс-әрекеттеріне сын көзбен қарауға үйретеді.
Құқықтық тәрбие – жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуындағы басты негіздердің бірі екенін ұмытпайық!