Текст
06.10.2025
Ауылдық Мәдениет үйінде мәдениет үйінің меңгерушісі Қабжанова С.М. мен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште ауыл әкімі Байдильдин Ғ.А ұстаздарды алғыс хатпен марапттады.
Іс-шара барысында ауылымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар — шаруашылық қожалығының басшысы Худзей Н.В. және ЖШС басшысы Қабжанов Б.Ж. демеушілік көрсетіп, мектепке музыкалық аппаратура тарту етті.
Бұл — ұстаздарға деген құрмет пен болашақ ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлестің жарқын көрінісі. Ұстаздар қауымына көрсетілген қолдау мен ілтипат үшін демеушілерге зор алғыс білдіреміз!
Ұлағатты ұстаздарымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!