«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Костычево ауылының Октябірьдің 50 жылдығы атындағы жалпы орта білім беретін мектбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени 50 лет Октября села Костычево отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

                          

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күні – ұлт болашағына тағзым күні

06.10.2025

   💫Ұстаз – шәкірттің бағыт-бағдарын айқындап, армандарына жетелейтін, білім мен тәрбиенің шамшырағы. Мұғалімдердің еңбегі – кез келген елдің дамуындағы басты тіректердің бірі. Сондықтан да жыл сайын қазан айының алғашқы аптасында Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінде «Ұстаздар күні» ерекше құрметпен аталып өтеді.

Бұл – тек кәсіби мереке ғана емес, шәкірт жүрегіндегі алғыс пен ықыластың жарқын көрінісі. Себебі әрбір адам – қандай маман иесі болмасын – алғаш қолына қалам ұстатып, білімге жетелеген ұстазын ешқашан ұмытпайды.

Ұстаз болу – үлкен жүректілік. Бұл – жанкешті еңбек пен төзімділікті қажет ететін, әр баланың тағдырына әсер ететін қасиетті мамандық.  
Ұстаз – ұлттың ұлағатын ұрпаққа жеткізетін алтын көпір!

  ✍️Барша мұғалімдерге шығармашылық шабыт, шәкірт құрметі мен қоғамның қолдауын тілейміз. Еңбектеріңіз жана берсін, қадірлі ұстаздар!

Просмотров: 1172


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст