Қарттар күні – құрмет пен тағзым мерекесі

06.10.2025

«Октябрьдің 50 жылдығы атындағы ЖОББМ» КММ     «Қарттар – ел тарихының шежіресі, ұлттың ұлағатты ұрпағы» атты қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 1 қазан – Қарттар күні – аға буынға деген ерекше ілтипаттың, шексіз құрметтің белгісі. Бұл күн – өмірдің сан қилы соқпағынан өтіп, ел дамуына өз үлесін қосқан ардақты жандарға алғыс айтып, ізгі ниет білдіретін күн.

  ✨Ата-әжелеріміз – біз үшін тек қана туыстықтың емес, даналықтың, сабыр мен парасаттың символы. Олар – тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі, өнегелі өмірдің үлгісі.

  💫Осындай мерекеде біз қарттарымызға қамқорлық танытып, көңіл бөлу арқылы олардың өміріне шуақ сыйлаймыз. Қарттарға құрмет көрсету – өскелең ұрпақтың басты парызы.

   🌱Ұрпақ сабақтастығы үзілмей, қарттарымыз аман, жүздері жарқын болсын! 

Просмотров: 1407


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу