Текст
Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңіне 9-сынып оқушысы Ысқақ Мадина, 10-сынып оқушылары Нұрболқызы Іңкәр, Магизамова Назерке қатысып, өз өнерлері мен білімдерін көрсету арқылы жүлдегерлер атанды. «Әнші - бұлбұлдар» бағыты бойынша Ысқақ Мадина 3-орынға ие болды.Жетекшісі: Момыш Шәріпхан. «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Нұрболқызы Іңкәр 3-орынға ие болды.Жетекшісі: Мағзұм Анаркүл Ансағанқызы. Магизамова Назерке «Бейнелеушілер» бағыты бойынша қатынасушы.
Мектебіміздің мерейін асқақтатқан шәкірттер мен ұстаздарды құттықтаймыз.