Математикалық фокустар
«Туған күн»
Сіздің өзіңіздің
комбинаторикалық қабілетіңізбен қасыңыздағы адамды таңқалдырғыңыз келді делік.
Досыңыздың туған күнін калькулятордың көмегінсіз тауып бере аласыз.
Қасыңыздағы адамнан
туған күнін 3 санына көбейтуін сұраңыз. Көбейткеннен шыққан санды 9-ға бөлуін
өтініңіз. Кез-келген сан 9-ға қалдықсыз бөліне бермейді. Сол себепті 9-ға
бөлгенде қалдықпен шығады. Қалдықпен шыққан санды сізге айтсын. Ал сіз болсаңыз
қалдықтың алдындағы санды 3-ке көбейтіп және қалдықты 3-ке бөлесіз. Содан кейін
екі санды бір-біріне қоса саласызда шыққан нәтижені айтасыз. Сол сан туған күн
болады.
«Тағы бес»
Қасыңыздағы адамға
кез-келген санды ойлап параққа жазуын сұраңыз. Ол сан 7 цифрдан немесе одан аз,
немесе одан да көп цифрдан тұруы мүмкін. Көп цифрдан тұратын сан ойласа өзі
қиналады, сізге оның ешқандай айырмашылығы жоқ. Содан кейін ол адам өзі ойлаған
санға, сол саннан кейінгі санды қосады. Шыққан нәтижеге 9 санын қосады. Одан
кейін 2-ге бөледі де ең бірінші ойлаған санын азайтып тастайды. Шыққан санды
сіз оңай табасыз. Себебі ол сан 5 саны. Өйткені ойын аты солай аталады.