Математика 5 сынып 2016-2017 оқу жылы (Алматы «Атамұра»
2015
Бос орынды толтыр:
1) ... натурал
сандар қатарына жатпайды.
2) Көп таңбалы
натурал санды ......... қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.
3) Жазықтықтың шеті
болмайды. Жазықтық ...... бағытта шектеусіз.
4) Кез-келген екі
нүкте арқылы бір ғана .... жүргізуге болады.
5) Сәуленің басталу
нүктесі бар, бірақ оның ....... нүктесі болмайды.
6) Кез-келген екі
....... бір ғана кесіндімен қосуға болады.
7) Кез-келген
....... сан (нөл саны да) координаталық сәуле бойында бір ғана нүктемен
кескінделеді.
8) Координаталық
сәуледе кіші сан сол жақтағы нүктемен, ал одан ..... сан оң жақтағы нүктемен
кескінделеді.
9) Санды
дөңгелектегенде сан өзінің .... мәніне ие болады.
10) Екі санның
қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның
.......... қосуға болады.
11) Саннан екі
санның қосындысын азайту үшін одан қосылғыштардың бірін азайтып, шыққан
......... екінші қосылғышты азайтуға болады.
12) Қосу мен
азайту- ...... кері амалдар.
13) Бөлінгішті де,
бөлгішті де бірдей бір натурал санға көбейткеннен немесе .........бөліндінің
мәні өзгермейді.
14) Қалдықпен
бөлуде бөлінгішті табу үшін ....... толымсыз бөліндіге көбейтіп, нәтижесіне
қалдықты қосу керек.
15) Меншікті
жылдамдық ағыспен ......... пен ағысқа қарсы жылдамдықтың қосындысының
жартысына тең.
Математика пәні мұғалімі: Абакуменко М.Т
Бос орынға
қойылатын сөздер:
1) Нөл
2) Разрядтық
3) Барлық
4) Түзу
5) Аяқталу
6) Нүктені
7) Натурал
8) Үлкен
9) Жуық
10) Қосындысын
11) Нәтижеден
12) Өзара
13) Бөлгеннен
14) Бөлгішті
15) Жылдамдық