Математика апталығының есебі
Октябрьдің 50 жылдығы атындағы орта мектебінде
қаңтардың 23-і мен қаңтардың 28-і аралығында математика апталығы болды. Апталыққа
жауапты мұғалімдер, мектебімізде көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан
орыс сыныптарына математика пәнінен сабақ беретін Цыбулько Игорь Васильевич
және мен Абакуменко Молдир Тугеловна. Апталықтың 1-ші күні сағат 11.00-де 1
ауысым оқушылары үшін апталықтың ашылуы болып өтті. Апталықтың ашылуында
оқушыларды апталық жоспарымен таныстырып өттім. Содан кейін апталыққа бет-бұрыс
алу үшін шағын ойындар ойнатылды. «Математикалық эстафета» ойыны және де
«есіңде сақтай біл» атты екі ойын ойнатылды. Математикалық эстафета ойынына екі
команда қатысты. 11б сыныбының оқушысы Васолашко Галина бастаған
команда жеңіске жетті. Содан кейін келесі күнге екі команда капитанына тапсырма
берілді. Тапсырма мынандай болатын: келесі күні линейкада екі команда бір ойын
ұйымдастыру керек.
Қаңтардың 24-і күні «ең таза дәптер»
конкурсы болды. Конкурста 5-11 сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді. Ең
таза дәптер 5а сынып оқушысы Алимгазина Жасминде болып шықты.
Ал қаңтардың 25-і күні 6а сынып
оқушыларымен математика сабағынан «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбын
бекіту мақсатында ашық сабақ болып өтті. Ашық сабаққа оқушылар жақсы
дайындықпен келген. Сабақ қызықты да көңілді өтті. Ашық сабаққа оқу ісінің
меңгерушісі Мағзұм Анаркүл Аңсағанқызы және 6а сыныбының жетекшісі
Құттыбаева Ақмарал Жаңбырбайқызы қатысты. Сонымен қатар тәрбие ісінің
меңгерушісі Серикбаев Танбұлан Дүйсенбекұлы және басқа да мұғалімдер қатысты. Сабақ
соңында 2 оқушы «5» деген баға, ал 1 оқушы «4» деген баға алды.
26-шы қаңтар күні сағат 15.40 та 5-6а
сынып оқушыларының арасында математика пәнінен «ең үздік математик» атты
сыныптан тыс жарыс түріндегі сабақ болды. Жарысқа 4 оқушы қатысты. 5-ші сыныптан Алимгазина Жасмин, 6-шы
сыныптан Ғафурбек Айсәуле, Нұрболқызы Өрік және Рамазан Жанайым қатысты.
Қоңырау соғылысымен оқушылар кабинетке кіріп өз орындарына жайғасты. Содан
кейін сабаққа мұғалімдер кірді. Ең бірінші оқушылармен және де сабаққа
қатысқалы отырған мұғалімдермен амандасып алып, содан кейін «гүл сыйлау» атты
тренинг жүргізілді. Бұл жерде оқушылар дөңгеленіп тұрып, бір-біріне гүл сыйлау
арқылы тілектерін білдірді .Содан кейін «ия ма, жоқ па?» кезеңі басталды. Бұл
кезеңде 4 оқушыға кезекпен-кезек сұрақтар оқылады, олар тек қана ия немесе жоқ
деп жауап беру керек. 1 дұрыс жауап 1 ұпай. Одан кейін карточкамен
жұмыс жасалынды, карточканың ішінде есептер болды. Сол есептерді қатесіз дұрыс
шығару керек. Ары қарай «себетті толтыр» ойыны ойнатылды. Тақтада алма ағашы
ілініп тұрды. Оқушы 2 мин ішінде ілініп тұрған алмалардың есептерін шешу арқылы
себеттерін алмалармен толтыру керек болатын. Бұл ойында ең көп алма жинаған 5
сынып оқушысы Жасмин болды. Содан кейін «мақалдың жалғасын» табу кезеңі
басталды. Мақалдар сандарға байланысты болды. Мен мақалдың басын оқыдым, ал
оқушылар оны ары қарай жалғастырды. Соңғы кезең «сиқырлы квадрат» деп аталды.
Мұнда есебі судоку ойыны сияқты тапсырмалар, әр оқушыға жеке-жеке беріледі.
Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді, яғни «екі тілек, бір
ұсыныс» түрінде болды. Әр оқушы өткен сабақтың өздеріне ұнаған екі тұсын және
де маған деген ұсыныстарын жазды. Оқушылар ұсыныстары шет қалмайды, келесі ашық
сабақтарды міндетті түрде оқушылардың ұсыныстарымен жұмыс жасауға тырысамын.
1-ші орынға 5 сынып оқушысы Алимгазина Жасмин ие болып, ең үздік математик
атанды.
27-ші қаңтар күні 6б
сыныбында «Занимательная математика» атты ашық сабақ болды. Сабақты
Сарсембинова Алсу Авизхановна өткізді. Сабақ саяхат түрінде болды. Сабақ
барысында оқушылар әр түрлі станцияларда болды, әр станцияның өз есептері мен
тапсырмалары болды. Сабаққа оқу ісінің меңгерушісі Мағзұм Анаркүл Аңсағанқызы,
тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Жамила Абылхайырқызы және мен Абакуменко Молдир
Тугелқызы қатыстық. Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі
бағалады, үйге тапсырма алды.
Апталықтың соңғы
күні яғни сенбі күні орыс сыныптарына математика пәнінен беретін Цыбулько Игорь
Васильевич 7-11 сынып арасында «миллион кімге бұйырады» ойынын ойнатты. Ойын
сұрақтары 7-11 сынып бағдарламасына сай құрылған. Оқушылар белсене ат салысты.
Ойын аяқталғаннан кейін көрермен ретінде отырған мұғалімдер өз пікірлерін
айтып, кеңестерін беріп жатты. Осылайша көзді ашып-жұмғанша 1 апта өте шықты.
Келесі жылғы математика апталығына дайындаламыз.
Математика пәні мұғалімі: Абакуменко М.Т